Рубрика: Без рубрики

  • Теміртау кәсіптік – техникалық колледжі

    Хабарландыру

    «Теміртау кәсіптік – техникалық колледжі» КММ (заңды тұлға) мекенжайы: Теміртау қаласы,71 квартал, 3 құрылым анықтама үшін тел. тел. 8(7213411690), e-mail: tem-prof-teh@krg-edu.kz, «Шаштараз өнері», біліктілігі (шаштараз стилисті) мамандығы бойынша 1 бірлік өндірістік оқыту шебері бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарлайды.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі немесе жұмыс стажына талап қойылмайды немесе білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін ұйымдарда кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

    Және (немесе) бар болған жағдайда біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі мамандығы бойынша педагог-шебер – 5 жыл.

    Және (немесе) біліктілігі орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл.

    Лауазымдық міндеттері:

    Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді, кәсіпорындарда кәсіптік практиканы және білім алушылардың тәрбие жұмысын ұйымдастырады және олардың топта орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді. Оқу (өндірістік) практикасын өткізу бойынша әлеуметтік әріптестермен жұмысқа қатысады. Білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды.

    Топта өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы жоспарлау, есепке алу және есептілік, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді. Оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды.

    Оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады.

    Білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады.

    Лауазымдық жалақысы:

    Санаты Еңбек өтіліне байланысты

     

    min max
    В-3-4 136267 т 161352 т
    В-4-4 108084 т       123100 т

    Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде):

    1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;;

    2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – Бар болса);

    4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; ;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы№ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)бекітілген нысан бойынша (№075/у) денсаулық жағдайы туралы анықтама;;

    7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі — ТБЖ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

    10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағы.

    Кандидат болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

    Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

    Конкурс өткізу күні 26.10.22ж.

     

    Объявление

    КГУ «Темиртауский профессионально-технический колледж», (юр.адрес:   Г.Темиртау, 71 квартал, строение 3 тел. Для справок тел.               8(7213) 411690, e-mail: tem-prof-teh@krg-edu.kz объявляет о проведении конкурса на вакантную должность мастера производственного обучения 1 единица по специальности «Парикмахерское искусство», квалификация (парикмахер стилист).

    Общие квалификационные требования для участников конкурса:

    высшее и (или) послевузовское образование по соответствующему профилю или техническое и профессиональное образование (среднее специальное, среднее профессиональное) без предъявления требований к стажу работы или стаж работы в организациях, соответствующих профилю организации образования, не менее 3 лет;

    и (или) при наличии высшего уровня квалификации стаж работы по специальности для педагога-мастера – 5 лет;

    и (или) при наличии среднего и высшего уровня квалификации стаж работы по специальности: для педагога-модератора не менее 2 лет, для педагога-эксперта – не менее 3 лет, педагога-исследователя не менее 4 лет.

    Должностные обязанности:

    Проводит практические занятия и учебно-производственные работы по производственному обучению, организует профессиональную практику на предприятиях и воспитательную работу обучающихся и обеспечивает их выполнение в группе. Подготавливает оборудование и соответствующее оснащение к занятиям, совершенствует материальную базу. Обеспечивает соблюдение безопасности труда, овладение обучающимися передовыми методами труда, современной техникой и технологией производства, обслуживание и эксплуатацию оборудования, бережное расходование материальных и энергетических ресурсов. Участвует в работе с соцпартнерами по проведению учебной (производственной) практики. Готовит обучающихся к выполнению квалификационных работ и сдаче квалификационных экзаменов.
    Ведет документацию по планированию, учету и отчетности производственного обучения и профессиональной практике, планированию и учету воспитательной работы в группе. Принимает меры по своевременному обеспечению учебных мастерских оборудованием и инструментами, материалами, запасными частями и средствами обучения. Готовит технологическую документацию, чертежи, эскизы, эталоны.
    Использует в учебном процессе научно-методические рекомендации, передовой педагогический и производственный опыт.
    Контролирует соблюдение обучающимися требований по охране труда и технике безопасности, производственной санитарии. Проводит инструктажи по технике безопасности. Участвует в работе методических комиссий, объединений.

    Должностной оклад:

    Категория В зависимости

    от выслуги лет

    min max
    В-3-4 136267 т 161352 т
    В-4-4 108084 т       123100 т

    Перечень документов для участие в конкурсе (в электронном или бумажном виде):

    1) заявление об участии в конкурсе с указанием перечня прилагаемых документов по форме согласно приложению 10 к настоящим Правилам;

    2) документ, удостоверяющий личность либо электронный документ из сервиса цифровых документов (для идентификации);

    3) заполненный личный листок по учету кадров (с указанием адреса фактического места жительства и контактных телефонов – при наличии);

    4) копии документов об образовании в соответствии с предъявляемыми к должности квалификационными требованиями, утвержденными Типовыми квалификационными характеристиками педагогов;

    5) копию документа, подтверждающую трудовую деятельность (при наличии);

    6) справку о состоянии здоровья по форме (№075/у), утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 «Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579);

    7) справку с психоневрологической организации;

    8) справку с наркологической организации;

    9) сертификат Национального квалификационного тестирования (далее — НКТ) или удостоверение о наличии квалификационной категории педагога-модератора, педагога-эксперта, педагога-исследователя, педагога-мастера (при наличии);

    10) заполненный Оценочный лист кандидата на вакантную или временно вакантную должность педагога по форме согласно приложению 11.

    Кандидат при наличии представляет дополнительную информацию, касающуюся его образования, опыта работы, профессионального уровня (копии документов о повышении квалификации, присвоении ученых/академических степеней и званий, научных или методических публикациях, квалификационных категорий, рекомендации от руководства предыдущего места работы).

    Прием документов на участие в конкурсе производится в течение 7 (семи) рабочих дней со дня последней даты опубликования объявления о проведении конкурса.

    Дата проведения конкурса 26.10.22г.

     

  • Кружки технического творчества

    Кружки технического творчества

    Автомобиль көлігіне қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
     Техническое обслуживание, ремонт и эксплуатация автомобильного транспорта
    
    

     

    Тамақтандыруды ұйымдастыру
    Организация питания
    
    

        

     

    Маркетинг (салалар)
    Маркетинг(по отраслям)
    
    

     

    Жол-құрылыс машиналарын техникалық пайдалану. Автодромда жүргізу.
    Техническая эксплуатация дорожно-строительных машин. Вождение на автодроме.
    
    

     

     

     

    Шаштараз өнері және сәндік косметика.
    Парикмахерское искусство и декоративная косметика.

     

     

     

    Өнеркәсіптің электромеханикалық жабдықтары (түрлері бойынша).
    Электромеханическое оборудование промышленности (по видам). 
    
    

     

    Сүт өнімдерін өндіру.
    Производство молочной продукции.
    
    

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

  • Психолого-педагогическая-служба

    Психолого-педагогическая-служба

    Мероприятия по адаптации 1-курсников

     

    Работа социально-психологической службы по адаптации 1 курса на сентябрь 2020-2021 учебного года

    • Цель работы:  содействие созданию условий для успешной социализации студентов и педагогов колледжа.

          Работа ведется по следующим направлениям: диагностическое, просветительско-профилактическое, консультативное, коррекционно-развивающие, социально-диспетчерское, организационно- методическое, профессиональное, духовно-нравственное гражданско-патриотическое и правовое.

         

     

    Занятие по теме «Ненасилие»

    Цель: Ненасилие, как результат практики общечеловеческих ценностей

     

     

    Психологическая акция

    «Аналар күні», «День Матери»

     

    Дорогие студенты, хочу предложить вам принять участие в психологической акции.         

    Творческое задание.

    Вы можете прислать свой рисунок/фото/видео, написать эссе, сделать коллаж на тему:

     «Моя Мама», «Менің Анам»

    Педагог-психолог колледжа:  Жунусова Бибигуль Акетаевна        

    Материалы отправлять на эл.почту:   Zhunusovab@inbox.ru

     

    Захарова Анна студентка гр.ОП-19-3  со своей семьей

          

     

     

     

  • Аккредитация

    Аккредитация

    АККРЕДИТАЦИЯ КОЛЛЕДЖА

    Период прохождения: с 25-29 мая 2020 года

    Аккредитация организации образования – процедура признания аккредитационным органом соответствия образовательных услуг, установленным стандартам аккредитации с целью предоставления объективной информации об их качестве и подтверждения наличия эффективных механизмов его повышения.

    Данная  процедура  необходима для того, чтобы:

    — продемонстрировать приверженность качеству образовательных услуг и подготовки
    специалистов;
    — получить независимую оценку качества образовательных программ и подготовки
    специалистов;
    — получить свидетельство об аккредитации, подтверждающее статус организации образования;

    — повысить конкурентоспособность на казахстанском рынке образовательных услуг.
    Сертификаты о прохождении  институциональной и специализированной аккредитации являются гарантией высокой стабильности и устойчивости качества предоставляемой образовательной услуги, позволяют сохранить конкурентные преимущества на рынке
    образовательных услуг.

    Аккредитационным Советом Независимого казахстанского центра аккредитации было вынесено решение:

     I.  В рамках институциональной аккредитации аккредитовать Коммунальное государственное учреждение «Темиртауский профессионально-технический колледж» управления образования Карагандинской области  сроком на 5 лет,
         срок действия институциональной аккредитации 13.06.2020 г.- 12.06.2025 г.
    II.  В рамках специализированной аккредитации  аккредитовать сроком на 5 лет, образовательные программы

    1. 0508000 – «Организация питания»
    2. 1402000 – «Техническая эксплуатация дорожно– строительных  машин»  
        срок действия специализированной аккредитации 13.06.2020 г.- 12.06.2025 г.

  • Тобаназаров Нурхиса!

    Тобаназаров Нурхиса!

    Наши студенты стали чемпионами Казахстана по боевому самбо

  • Абай – дана, Абай –дара қазақта!

    Абай – дана, Абай –дара қазақта!

    Теміртау қаласы, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ
     қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
    Кушербаев Тұтқабай Пушанович

    Абай – дана, Абай –дара қазақта!
    (ақынның 175 жылдығына арналған кеш)
    Сабақтың мақсаты: 
    1.    Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; 
    2.    Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту;
    3.    Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының асыл мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу,сөз өнеріне, саз өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту;
    Сабақтың түрі: әдеби-музыкалық композиция
    Сабақтың әдіс-тәсілдері: тіл дамыту,техникалық құралдар көмегіне сүйену.
    Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, интерактивті тақта, нақыл сөздер, ақынның      портреті, кітап көрмесі.
    Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, музыка

    Мұғалім сөзі:  Құрметті ұстаздар , оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз « Абай- дана, Абай- дара қазақта»  атты әдеби кешіміз қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналады.   Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар. Абай философ ,заңгер ,ақын, аудармашы,сазгер,дара ойшыл ,кемеңгер ,Абай жазба әдебиетінің негізін салушы ,гуманист , қоғам қайраткері, әділ би, ағартушы-ұстаз. Абай қазақ тіліне А. С. Пушкиннің, Ю. М. Лермонтовтың, Л. Н Толстойдың, Салтыков –Шедриннің, Гетенің  шығармаларын қазақшаға   аударды.

    Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.

    Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.

    Мені мен, менікінің айырылғанын,

    “Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.

    Көп адам дүниеге бой алдырған,

    Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

    Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.

    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

    Ал енді белсенді тақтаға назар аударайық Абай Құнанбаевтің өмірбаяны туралы видиосюжетті тамашалайық.

    Сабақтың барысы: Сәкен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады, әуенмен ортаға 2 жүргізушінің сүйемелдеуімен Абай образындағы Айткен Думан (МАК-2019 тобының студенті) шығады.Абайдың сөзі.

    Негізгі бөлім.
    1-студент: Айдана Абай – Ибраһим.
    Абай 1845 жылы жылан жылында туылып, 1904 жылы 59 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайқан. Негізгі аты – Ибраһим болса да, «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.
    Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. 
    2-студент: Гүлбану
    Абай әке жағынан алғанда Тобықтының белгілі шонжары мен батыр биінен тарайды. Оның бабасы Тобықтының биі болған. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы округінің аға сұлтаны болған. Ал, шешесі Ұлжан Бошан руынан тарайды.
    3-студент: Жамиля
    Әкесі — тілге шешен, ақылға бай, қатыгез, ал шешесі керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған.Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судай екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. 
    4-студент:Аяжан
    Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таниды. Ал, 12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. Медреседе жүргенде 14 жасында 3ай орыстың «приходская школында» орысша сабақ оқыды.
    5-студент: Үміт
    Осы 4 жылдық медреседегі және 3айлық орыс мектептеріндегі оқуы аяқталып, 15 жасында үлкендерден білімі артып, ел ішіндегі жұртты өзіне қаратып, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел-жұрт оны би етіп сайлайды.
    6-студент: Нұрсәуле
    20 жасында ол от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Мақал, ертегі, нақыл сөздерді тез меңгерген. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, Араб, парсы, түркі тілдерін үйренді.
    7-студент: Сапарова Диана
    Абай 14 жасынан өлең шығарған. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермейді. Абайдың өнерге бет бұруына себепкер орыс достары Грось пен Михаэлис болды.
    8- студент: Балерке
    Абай орыстың ақын-жазушылары – Пушкиннің, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Олардың шығармаларын оқи отырып, озық ойлы Абай орыс мәдениетін, өнерін, білімін үлгі еткен. Бұл да Абайдың даналығы.
    9- студент: Магимова Диана
    Абай кестелі сұлу сөздің иесі, көркем әдебиеттің темірқазығы, өшпейтін жарық жұлдызы. Абай шығармаларын қазақ балалары кімнің алдында болса да, ұялмай мақтанышпен айта алады.
    10- студент: Альбина
    — Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы –барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті.

    11-студент: Максименко Егор МЭО-2019 тобының студенті
    1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар! Құрметті жыр сүйер қауым! Бүгін ұлы Абай шығармашылығын сүйетін, Абай рухына тағзым етіп, Абайды өзіне ұстаз тұтатын қауым бас қосты. Иә, әр халықтың ұлағатты даналығы, өнегелі өнері болатыны анық. Олай болса Абай атамыздың рухына арналған кешімізге қош келдіңіздер!
    2-жүргізуші: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе:
    1-2-жүргізуші бірге: Абайды оқыңыз!
    1-жүргізуші: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар – қатпар сырларын білгіңіз келсе:
    1-2-жүргізуші бірге : Абайды оқыңыз!
    2-жүргізуші: Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе:
    1-2-жүргізуші бірге: Абайды оқыңыз!
    1-жүргізуші: «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп өлеңге ерекше баға берген ақын өзі де нәзік те сыршыл ән жазады. Сондай ыстық сезімге толы әннің бірі – «Көзімнің қарасы»
    Ән. Орындайтын: 2-курс студенті Абдиразахова Айдана
    2-жүргізуші: 
     Көп адам дүниеге бой алдырған
    Бой алдырып, аяғын көп шалдырған
    Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
    Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
    1-жүргізуші: Абай қазақ әдебиетіндегі ұлы тұлға, маңдай алды ақын екені, таңдаулы  туындылары дүние жүзі поэзиясының озық үлгілерімен деңгейлес тұрғаны – білген адамға айқын шындық.

    Бала Абай өмірінен көрініс. Ұлжан,Зере,Абай көрінісі.

    2-жүргізуші: -Қандай ғажап! Пушкиннің Татьянасын қазақша сөйлеткен Абай орыстың басқа да ақындарының өлеңдерін аударған. Абай Лермонтовтың 24 өлеңін ерекше шабытпен аудара жүріп, Байрон мен Гетенің шығармаларымен танысады. Иван Андреевич Крыловтың ертегілерін аударды.

    Ертегі: «Шегіртке мен құмырсқа» Оқитын: ШМ-2018 тобының студенті Зейнелхан Нұрсауле.

    Ертегі: «Қарға мен түлкі» Оқитын: ТОРА-Г-2019 тобының студенті Оспанова Лаура

    1-жүргізуші: 

    Өзгеге, көңілім, тоярсың,
    Өлеңді қайтіп қоярсың?
    Оны айтқанда толғанып,
    Іштегі дертті жоярсың-
    деп Абай атамыз жырлап кеткендей кезекті Абай өлеңдеріне берейік!

    Өлең:«Жігіттер,ойын арзан, күлкі қымбат». Оқитын: ТОРА-Г-2019 тобының студенті Оспанова Лаура

    Өлең: «Интернатта оқып жүр». Оқитын: ТҰ-2019-2 тобының студенті Жақсыбай Айша

    Өлең: «Жазғытұры». Оқитын: ОПП-2019-3 тобының студенті Захарова Анна

    Өлең: «Сегіз аяқ». Оқитын: ТҰ-2019-2 тобының студенті Алиева Алмаз
    2-жүргізуші:

    Құлақтан кіріп бойды алар
     Әсем ән мен тәтті күй
    — дей келе әсем ән тыңдайық!
    Ән: «Желсіз түнде жарық ай»

    1.Орындайтын: Первушкина Мария ОПП-19-3 тобының студенті.

    1-жүргізуші:

    Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
    Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
    Көкірегі сезімді, тілі орамды
    Жаздым үлгі жастарға бермек үшін!
    —    деп жырлап кеткен Абай атамыздың асыл сөздерінің сырын  ұға білейік ағайын!

    Абайдың қара сөздерін тыңдап, ой түйіңіздер:

    Аязбаева Ақерке ШМ-18 тобының студенті. ( 29- қара сөзі)

    Фролкова Дарья ОПП-19-3 тобының студенті (31- қара сөз)

    Жүзжасарова Жанерке ТҰ-18-2 тобының студенті (14- қара сөз)

    Баярбек Бағлан  ШМ-18 тобының студенті. (6- қара сөзі)

    Тасбергенов Медеу  МЭО-19 тобының студенті. (9- қара сөзі)

    Мұғалім:
    — Көріп отырғандай ақын өз өлеңдерінде қараңғылық, надандық, кертартпалықпен күрескен, халық қамын ойлаған, жастарды білімге, еңбекке, өнерге шақырған.
    Абай – сазгер.
    — Абай қазақтың ән-күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

    • Тәңір қосқан жар едің сен
    • Сегіз аяқ
    • Көзімнің қарасы
    • Қор болды жаным
    • Бойы бұлғаң
    • Желсіз түнде жарық ай 
    • Біреуден біреу артылса
    • Көңіл құсы құйқылжытар шартарапқа
    • Сен мені не етесің?
    • Ата-анама көз қуаныш
    • Сүйсіне алмадым сүймедім
    • Айттым сәлем, Қаламқас

    «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін Абдиразахова Айдана, Кушербаев Тұтқабай, Берікгүл Жайлаубай, Тасбергенов Медеу,  Сагадиева А.Т, Хамзина А, Шаймардан Т, Шамекенова Р.Д, Джанаханов Әнуардың орындауында қабыл алыңыздар.
    2-жүргізуші: Осымен біздің «Абай – дана, Абай –дара қазақта!» атты кешіміз өз мәресіне жетті.Келіп, тамашалағандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз! Амандықта жүздескенше!